Джо Байденге обыр ауруының диагнозы қойылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. АҚШ-тың бұрынғы презид...
Композитор Алтынбек Қоразбаев «Отан» орденімен марапатталды
Фото: әлеуметтік желіден
Композитор Алтынбек Қоразбаев «Отан» орденімен марапатталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оның «Музарт» тобының елімізде және шет елде танылуы жолында ерекше рөл атқарғаны аталып өтті.
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Барлығы:
129 еңбек ардагері;
өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың 473 жұмысшысы;
шағын және орта бизнестің 200-ден астам өкілі;
150-ден аса педагог пен ғалым;
120-ға жуық медицина қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды.
Алтынбек Қоразбаев — қазақтың белгілі әншісі, композиторы, Қазақстанның халық әртісі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ол қазақ музыка өнеріне елеулі үлес қосып, халық жүрегінен орын алған көптеген әннің авторы ретінде танылған.
Айта кетейік, Қазақстанның «Отан» ордені 1993 жылы тағайындалған. Ол мемлекеттік және қоғамдық қызметте, экономика, ғылым, мәдениет пен әлеуметтік саланы дамытуда ерекше еңбек сіңірген азаматтарға беріледі.