Ақтауда өткен концертте Димаш Құдайбергенге қосылып ән шырқаған мүгедектер арбасындағы жігіттің виде...
«Аулақ жүр, жайына қалдыр»: Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісіне желі қолданушысы шүйлікті
ашық дереккөз
Танымал әнші Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі әлеуметтік желіде желі қолданушысының жазған хатын жүктеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Жігер Ауыпбаевтың жаңа сүйіктісі Мумина Адаханова желі қолданушысына ренжігенін айтты.
"Сен қыздың кесіріңнен Жігерге қаншама жаман сөз айтылып жатыр. Оны жәйіна қалдыр. Сен кездеспегенде оның бірі де болмаған. Халықтың сүйікті әншісі қайдағы бір түкке тұрмайтын қызға бола абыройынан айырылама. Тәрбие көрмегенсің бе. Ұятсыз, ұятың жоқпа. Басқа жігіт құрып қалды ма. Аулақ жүр Жігерден. Осындай угрозаға толы хаттардың қатары азаяма десем, күн өткен сайын көбейіп жатыр", - деп жазған желі қолданушысы.
Мумина Адаханова желі қолданушысының дөрекілігіне жауап қайтарды.
"Мен де біреудің аялап өсірген қызымын ғой. Не болды сізге сонша? Бұл өмірде кім ажыраспай жатыр? Кіммен кім қосылмай жатыр? Маңдайымызға жазылған тағдырдан сіз де мен де қашып құтыла алмаймыз. Менің тәрбиеме тиісетін сіз кім едіңіз? Фейк аккаунтпен жазып отырсыз. Айтатын сөзіңізді батылыңыз жетсе өз парақшаңызбен жазып айтпайсыз ба?", - деді ЖІгер Ауыпбаевтың сүйіктісі.
