Қазгидромет Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
242

Қазгидромет өз ресми сайтында Астана, Алматы және Павлодар қалаларының тұрғындарына ескерту жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ақпарат сенбі күнгі ауа сапасының болжамына қатысты.

«28 наурызда Алматы, Астана, Павлодар қалаларында ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», — делінген хабарламада.

Ауаның ластануына әкелетін қолайсыз метеожағдайлар — бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы, олар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.

Синоптиктердің мәліметінше:

Астанада — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 9-11 градус жылы.

Алматыда — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.

Павлодарда — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодардағы алюминий балқыту зауытында өндірістік оқиға салдарынан екі адам жарақат алып, ауруханағ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Іле-Алатау ұлттық саябағында жасөспірімдер Бұтақты шатқалындағы сарқыраманың жанындағы тастарды...