Алматыдағы онлайн сауда алаңдарының бірінде Bugatti Chiron автокөлігі сатылымға шығарылды, деп хабар...
“Ауру қылатын болдыңдар”: Бір топ адам хуторлық Хасанды жақтап шықты
Фото: ашық дереккөзден
Әлеуметтік желіде Шерзат Полатты өлтірген топ жігіттің Хасан есімді орта жастағы азаматтың адамдары деген ақпарат тарады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Тіпті Хасанның суреттері де желіге тарап кетті. Рысқұлов ауылы тұрғындары Шерзат Полаттың қазасына Хасанның қатысы жоқ екенін айтып, үндеу жолдады.
“Біздің ауылға өте қиын тиіп тұр. Қаза болған баланың әкесіне қайғырып, көңіл айтып жатырмыз. Жатқан жері жайлы болсын. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді дейді, ауыл болғаннан кейін неше түрлі болып жатыр. Біздің ауыл кішкентай болғанымен, өте ұйымшыл. Су тасқыны кезінде үш күнде 2,5 млн теңге жинап берді. Өз қолыммен сол ақшаны мұқтаждарға табыстағанмын. Халық біледі”, - деді ер адам.
Ауыл тұрғындары Хасанның бұл іске еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
“Таяқтың да екі ұшы болады. Соңына дейін шыдап, жаман сөздер айтпаса екен. “Отметка талап етті” деген кісілер зарлай бермей, құқық қорғау органдарына жазсын. Тексерсін. Содан кейін ғана шулатсын. Үйде отырып, анау-мынау деген сөздерді қою керек. Хасан деген осы ауылдың бірлігіне, тірлігіне шапқылайды. Мектепке көмектеседі. Мешітке де. Шапқылап жүрген жігітті қаралап жатыр. Шерзат марқұмның ісі далада қалды. Түсінбей қалдым. Інісі отырса, отырған шығар. Істеген қылмысы үшін отыр. Шулатып, адамды ауру қылатын болды”, - дейді ауыл тұрғындары.