Ресейде екі қазақстандық қамауға алынды

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
494

Ленинград облысындағы (РФ) сот байланыс нысанын өртеді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын қамауға алуға үкім шығарды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы ТАСС жазды.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер — 2006 жылы туған екі ер адам. Оларға РФ Қылмыстық кодексінің 281-бабы 2-бөлігінің «а» тармағына сәйкес, топпен жасалған диверсия қылмысы тағылып отыр.

Нақтылай кетсек, күдіктілер Санкт-Петербург қаласында тұрған және құқық қорғау органдарының нұсқасы бойынша, олар кураторлардың нұсқауымен әрекет еткен. 40 мың рубль сыйақыға олар Ленинград облысының Ломоносов ауданында орналасқан ұялы байланыс операторының базалық станциясындағы тарату қалқанын өртеген.

Екі азамат құқық қорғау қызметкерлері тарапынан оқиға орнынан таксимен қашуға әрекет жасаған сәтте ұсталған.

Ресей заңнамасына сәйкес, мұндай қылмыс үшін 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп ж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Наурыздағы ҰБТ-дан 117 мың талапкердің тек 67,11%-ы ғана шекті балл жинады, деп хабарлайды MadeniPor...