Димаш Құдайбергеннің әкесі жайлы қуанышты жаңалық тарады

әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
191

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі, продюсер әрі музыкант Қанат Айтбаев мемлекеттік наградамен  марапатталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері әрі ақын Аманжол Әлтай құттықтау тілегін білдіріп жариялады.

"Асыл құрдасым, Қанеке!
Мемлекеттік наградаңыз құтты болсын!
Кісілігі кемел, парасатты, отбасындағы өнегесі ұлтқа үлгі боп жүрген, Димаштай әлем мойындаған ардақты ұл өсірген досыма ұзақ ғұмыр тілеймін.
Аман бол, үлкен ПАРАСАТ ИЕСІ!", - делінген жазбада.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты шарада "ДимашАли" шығармашылық орталығының жетекшісіне жоғары мемлекеттік награда табыс етілді. Марапатты Мемлекет басшысының атынан ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тапсырды.

 

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы дүниеге келгеннен кейін бастан өткерген ауыр сынақтар...

Шоу-бизнес

Жұртшылыққа "Хан" деген атпен танымал белгілі асаба Қасым Өтешев қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 10 т...