Ауылдағы 18 адам сұмдық жағдайда ажал құшты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2272

Колумбияда екі лаңкестік шабуыл болып, 18 адам қаза тапты. 60-тан астам тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Елдің батысындағы Кали қаласында ішінде мина бар көлік жарылды. Шабуыл салдарынан 6 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жарақат алды. Қалада әскери жағдай енгізілді. Қала мэрі Алехандро Эдер ауыр жүк көліктерінің кіруіне уақытша тыйым салды.

Кеше, 21 тамызда Меделлин қаласының жанындағы ауылда тағы бір шабуыл болды. Дрон полиция тікұшағына соғылды. Ел президенті Густаво Петроның айтуынша, шабуылдан бортта болған 12 офицер көз жұмған.

Колумбия қорғаныс министрлігінің басшысы Педро Санчес шабуылдарға «Мордиско деп аталатын есірткі картелін» айыптады.

«Мемлекет терроризмге көнбейді. Бұл қылмысты жасағандар заңмен қудаланады», — деді Педро Санчес.

PESTEL

Түркияның Ыстанбұл қаласында 26 жастағы қазақстандық қыз қайғылы жағдайда қаза тапты. Алдын ала мәлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көріпкел Ақгүл Есетқызы Ақтау маңындағы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбазға...