Атышулы Эпштейн ісіне қатысы бар деген күдікпен бұрынғы британ ханзадасы ұсталды

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1482

Ұлыбританияда 66 жастағы бұрынғы ханзада Эндрю Маунтбеттен-Виндзор ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

BBC News мәліметінше, Эндрю Джеффри  Эпштейнмен байланысқаны үшін барлық корольдік титулдарынан айырылған.

Экс-ханзаданың тергеу аясында ұсталғаны мәлім болды.

Таңғы сағат 8-ден кейін Норфолктегі Сандрингем резиденциясына бірнеше патрульдік көлік келген. Беркшир аймағында да тінту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полицияның күдігінше, ол Ұлыбританияның сауда өкілі қызметін атқарған кезде құпия есептерді жіберген болуы мүмкін.