Ауылдағы ветеринарлардың жалақысы көтеріледі

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
110

Құрылтай ветеринария саласына қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді ауылдағы ветеринарлардың жалақысы көтеріледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Құжатта ветеринарларға бірқатар әлеуметтік қолдау көрсету қарастырылған:

- Жыл сайын ақылы еңбек демалысы беріледі;

- Емдеу-сауықтыру жәрдемақысы кемінде екі лауазымдық жалақы мөлшерінде төленеді;

- Ғылыми дәрежесі бар ветеринарларға ай сайын қосымша ақы беріледі. Ғылым кандидаттарына – 17 АЕК, ал ғылым докторларына 34 АЕК көлемінде үстемеақы қарастырылған. 

Сондай-ақветеринар дәрігерлердің құқығы мен кәсіби мүддесін қорғайтын, олардың біліктілігін арттыруға ықпал ететін ветеринариялық палата құрылады.

Ветеринар – жануарлардың денсаулығын сақтауға, аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге жауапты маман. Ол малға профилактикалық тексеру жүргізіп, вакцина салады, жұқпалы ауруларды анықтайды және қажетті ем-дом шараларын ұйымдастырады.

Ауылдық жерлерде ветеринарлардың қызметі ерекше маңызды. Олар төрт түліктің саулығын бақылап, қауіпті инфекциялардың таралуына жол бермеуге атсалысады. Сонымен қатар мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады. Ветеринарлардың жұмысы мал шаруашылығының дамуына ғана емес, халық денсаулығын қорғауға да тікелей әсер етеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада балабақша тәрбиеленушісінің бетіне басқа бала темір орындықпен бірнеше рет соққы жасағаны т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төреғали Төрәлінің «Tore show» концертін ұйымдастыруға атсалысқан қызметкерлердің бірі е...