Ауыр соққылар құлата алмаған Төрехан Сабырханды ару қыз өлеңмен сұлатты (ВИДЕО)

Видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1431

Аты-жөні белгісіз қос ару әлеуметтік желіде тікелей эфирдің бірінде бокстан әлем чемпионы Төрехан Сабырханға өлең арнады, деп хабарлайды Мadeniportal.kz.

Мұндай құрметті күтпеген боксшы өзін-өзі ұстай алмай, камерадан қашып, тіпті жерге құлаған. Қыздардың ілтипатын тік тұрып қабылдай алмағаны соншалық, жас балаша бетін жауып, жерде дөңбекшіген. 

Осылайша, рингте боксшылар құлата алмаған чемпионымызды бұрымды қос ару өлеңмен-ақ сұлатып түсірген.

Желі қолданушылары оның бұл әрекетін сан-саққа жүгіртті.

"Нокаутқа түсіретін адам табылған екен", "Қыздардың инстаграм парақшасы бар ма?", "Ұят-ай! Салмақты болып тыңдаса қайтеді?! Чемпион деген аты бар ғой", "Махаббатқа басы айналып жатыр", "Ұялып жатыр да енді. Бұрын ондай көрмеген, сезінбеген жас жүрек. Оның үстіне мынандай өте көркем, сұлу қыздардың сыңғырлаған үнінен, жүзбе-жүз естіген бөлек қой", деп жазды спортшының жанкүйерлері.

<

>

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Халықаралық бокс федерациясының (IBF) оны чемпиондық белбеуін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот әскери қызметшіні кінәлі деп танып, оны 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, с...