Атырау облысында төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты істі қарап жатқан с...
Мұқан Үңгітбаев «Қазақмыс» корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
дереккөзден
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі компанияның өндірістік бөлімшелері басшыларымен кеңес өткізіп, ұжымға Басқарма төрағасының орынбасары – тау-кен ісі және байыту бойынша бас операциялық директоры қызметіне тағайындалған Мұқан Үңгітбаевты таныстырды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Аталған бағытқа бұған дейін жетекшілік еткен Саят Бакиров атқарып отырған қызметінен босатылды.
Мұқан Үңгітбаев еңбек жолын 1984 жылы жерасты жұмысшысы ретінде бастаған. Қарсақпай кентінің тумасы тау-кен саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. 1988 жылдан бастап «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарында қызмет атқарып, осы уақыт ішінде қарапайым жұмысшыдан ірі өндірістік бөлімшелердің басшысы деңгейіне дейін көтерілді.
Әр жылдары Анненск, Оңтүстік, Степной, Жомарт және Жаман-Айбат кеніштерін басқарды, «Шығыстүстімет» және «Қарағандытүстімет» өндірістік бірлестіктеріне жетекшілік етті. Сондай-ақ Нұрқазған, Жомарт және Саяқ кен орындарын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысты.
2025 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Nurqazgan Tau-ken ondirisi» филиалының бас директоры лауазымын атқарды.
2026 жылғы маусым айынан бастап Мұқан Үңгітбаев Басқарма төрағасының орынбасары – тау-кен ісі және байыту бойынша бас операциялық директоры міндетін атқарып келді.
Мұқан Үңгітбаевтың көпжылдық еңбегі мемлекеттік және салалық марапаттармен сан мәрте бағаланды. Ол III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, «Құрметті кенші» атағымен, сондай-ақ I, II және III дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгілерімен марапатталған.