Тоқаев ЛГБТ насихатын шектеуге бағытталған заңға қол қойды

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1039

Мемлекет басшысы архив ісі мен құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеуге қатысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Құжатқа сәйкес, қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілерінде және онлайн-платформаларда педофилияны, сондай-ақ дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты орналастыруға шектеу енгізіледі.

Сенатта заңның басты мақсаты кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау екені айтылды. Нормалар балаларды зиянды контенттен сақтауға және құқыққа қайшы ақпараттың таралуына тосқауыл қоюға бағытталған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...