“Автобус апатынан екі аяғынан айырылған”: Астанада автобус жүргізушісі рақымшылықпен жазадан босап кетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
661

Астанада автобус апатынан кейін бүлдіршіннің екі бірдей аяғынан айырылып, мүгедек болғаны туралы оқиғадан кейін екі айға жуық уақыт ішінде жол апатына кінәлі автобус жүргізушісінің рақымшылыққа ілінгені анықталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Автобус жүргізушісінің рақымшылыққа ілінгенін Астана қалалық Полиция департаментінің тілшісі агенттік тілшісіне растады.

Ведомство мәліметінше, жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына зиян келтірілгені бойынша жүргізілген қылмыстық іс материалдары мен сараптамалардың қорытындылары автобус жүргізушісінің кінәсін растады.

«Қазақстан Республикасының «Рақымшылық туралы» заңы негізінде күдікті қылмыстық қудалауды тоқтату туралы өтініш білдірді. Соған сәйкес қылмыстық іс рақымшылық актісіне байланысты тоқтатылды.

Алайда, қылмыстық іс тоқтатылғанына қарамастан, бұл тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып есептеледі. Сонымен қатар, қылмыстық құқықбұзушылық пен өзге де заң бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс Астана қаласының әкімдігіне жолданды», – дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 21 жасқа дейін несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Парламент...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының ла...