"Іс-шараларға жарты миллионнан астам адам қатысты”: Алматыда Қала күні жоғары деңгейде атап өтілді
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
1614
18-21 қыркүйек күндері өткен Алматының Қала күніне арналған мерекелік іс-шараларға мегаполистің 500 мыңнан астам тұрғыны мен қонағы қатысты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Мәселен, KitapFest фестивалін 40 мыңнан астам адам тамашаласа, Тұңғыш Президент саябағындағы мерекелік іс-шараларға 100 мыңнан астам қонақ келді. Ал «Астана» алаңында таңнан кешке дейін 130 мыңнан астам көрермен жиналды.