Жетісу облысында тоқ соғу салдарынан 19 жастағы жігіт қаза тапты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
487

Текелі қаласындағы өндірістік нысандардың бірінде қайғылы оқиға болды — жөндеу жұмыстары кезінде 2007 жылы туған жас қызметкер қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға 20 сәуір күні электр қосалқы станциясы аумағында болған. Ақауды жою барысында ол кернеуге түсіп, электр тогынан өлімге әкелген жарақат алған.

Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкелу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады ведомство.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысындағы Жангелдин трагедиясына қатысты сот процесі шешуші кезеңге жақындады. Бір отбасыны...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған жойқын су тасқыны салдарынан кемі...