Азамат Сатыбалды ел естімеген шындығын ашық айтты (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
155

Танымал театр және кино актері Азамат Сатыбалды журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында отбасындағы ең қиын кезеңдердің бірі туралы ашық әңгімеледі, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Бұл туралы Malim.kz жазды. Өнер иесінің айтуынша, олар отбасында бір ғана ұл тәрбиелеп отыр. Алайда кейде айналасындағылардың айтқан сөздері көңіліне ауыр тиген кездер де болған. 

"Біздің бір ғана ұлымыз бар. Кейбір кезде адамдардың сөздері намысыңа тиеді. "Тағы бала сүймейсіңдер ме? Бір баламен ғана шектеліп жүрсіңдер ме?" деген пікірлер айтылды. Бірақ адамдар сенің өміріңде қандай жағдай болып жатқанын білмейді", – дейді актер.

Азамат Сатыбалды жұбайы Назгүл екеуі де көпбалалы отбасында өскенін айтып, өздері де үлкен әулет болуды армандағандарын жасырмады. Алайда тұңғыш ұлдары дүниеге келгеннен кейін жұбайының денсаулығында қиындық туындап, дәрігерлер оған қайтадан бала көтеру мүмкін емес екенін айтқан.

"Біз бармаған жер қалмады, түрлі ем-дом іздедік. Бірақ нәтиже болмады. Дәрігерлер бірден бала көтере алмайды деген диагноз қойды. Ер адам болған соң, әртүрлі ауыр ойлар да келеді екен", – деп бөлісті актер.

Ол сол кезеңде әкесінің айтқан бір ауыз сөзі өмірлік шешіміне үлкен әсер еткенін айтты.

"Әкем бір күні мені шақырып алып: "Егер Назгүлден басқа әйел аламын десең немесе ажырасып, тоқал аламын десең, онда екі дүниеде батамды бермеймін. Маған Назгүлден артық келін керек емес" деді. Сондай-ақ: "Алла кейде он балаға татитын бір бала береді. Қолыңдағы балаңа шүкір ет" деп айтты", – деп еске алады актер.

Актердің айтуынша, дәл сол сөздерден кейін оның өмірге деген көзқарасы өзгеріп, отбасы бұрынғыдан да берік бола түскен.

"Қазір ұлым 21 жаста. Ешқашан өкінген емеспін. Әкемнің сол кездегі даналығына әлі күнге дейін ризамын", – деді Азамат Сатыбалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге және басқа да құрылымдарға қауіпсіздік шарала...

ПОЭЗИЯ

БҰЛ ҚАЛАДАБұл қалаға кеп жоғалғандар бар,Тоналғандар бар адасып.Сағынып қайта оралғандар бар,Болашағ...