Azerbaijan Airlines әуе кемесінің қара жәшігі Бразилияға жіберілетін болды

Фото: ТЖМ

Жаңалықтар
732

Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет борттық өздігінен жазғыш деректерін оқуды қамтамасыз етеді және оларды қай елде таратып жазу туралы шешім қабылдайды, деп хабарлайды madeniportal.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан бұл Конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және  Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болып табылады.

«Жоғарыда аталған құжаттың негізінде, сондай-ақ ИКАО ұсынымдарын ескере және Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық билік өкілдерімен кеңесе отырып, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия борттық өздігінен жазғыштарды (қара жәшіктерді) Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.

Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында. 

Жаңалықтар

"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев өнерден кетуге қатысты пікір білдірді. Шоу-бизнес жұлдызы...

Жаңалықтар

Қостанайда 16 жастағы жасөспірім анасын қорғаймын деп жүрек тұсынан пышақталды, деп хабарлайды maden...