Ербол Мырзабосынов туризм және спорт министрі қызметіне тағайындалды

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
2084

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарда. Ербол Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады. 2009-2014 жж. – Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы; меңгерушісі. 2006-2018 жж. – "Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ жаттықтырушы-оқытушысы. 2018-2020 жж. "Қызылжар Арландары" спорт клубының директоры болып жұмыс істеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Австралияның Сидней қаласында белгісіз екі адам Бонди-бич жағажайындағы адамдарға оқ атты, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан құрамасы Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында 68 медаль...