Бағдагүл емші Тамара Асар мен Аша Матайды қатаң сынға алды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
499

Бағдагүл есімімен танымал емші әлеуметтік желіде жариялаған видеосында әнші Тамара Асар мен тележүргізуші Аша Матайға қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол өз сөзінде Тамара Асардың Құрылтайға қатысуына қарсы екенін айтып, қоғам үшін нақты пайдасы жоқ адамдардың мұндай алаңда болмауы керектігін жеткізді.

«Дыбысыңды шығарма, Тамара Асар. Тілімді кессең де, бас кеспек жоқ. Қайдағы саған Құрылтай? Халық үшін бір нәрсеге тұра алмаған адамға ол жерге барудың қажеті жоқ. Ол жаққа барып не істейсің? Орындықты сасытасың ба? Ана екі келіншек, Аша Матай екеуің орындықты сасытуға бара жатырсыңдар ма? Ішіп-жеп, не жетпейді саған? Одан да қыдырып, әніңді айтып жүре бер», -  деді емші Бағдагүл.

Әзірге Тамара Асар мен Аша Матай бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірген жоқ.

Видеода айтылған пікір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біріккен Араб Әмірліктерінде қаза тапқан қазақстандық апалы-сіңлінің әкесі қыздарының денесінен пыша...

Шоу-бизнес

Әнші Жазира Байырбекова Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның қарым-қатынасына қатысты пікір білдірі...