«Бұрын да ұрып жүрген». Семейде жігіт сүйіктісін көлікпен басып өлтірді

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

ЖАҢАЛЫҚТАР
2611

Семейде 33 жастағы әйелді көлікпен таптап кеткен, салдарынан ол қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Абай облысы полиция департаменті баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Аталған факті бойынша Әуезов полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалармен дәлелденді. Қазіргі уақытта күдікті сотқа берілген, — делінген хабарламада.

Құқық қорғаушылар жариялаған сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, оның өлімі ашық бассүйек-ми жарақатының салдарынан болған. Әйелдің денесінен тоғыз гематома анықталды, олардың кейбіреулері үш апта бұрын жасалған. Бұл тұжырым әйелдің жүйелі түрде соққыға жығылғанын көрсетеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Тайландта дауыс берді, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде сайлаушылардың назарын ерекше перформанс аударды, деп хабарл...