Құмар ойынына тіккен: Ақтөбеде мұғалім оқушыларының ата-аналарынан алдап ақша алған

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
921

Математика мұғалімі жекеменшік білім беру орталығында жұмыс істеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол оқушыларды Назарбаев зияткерлік мектептеріне және мамандандырылған мектеп-интернатына түсуге дайындады.

Ол 4 оқушының ата-анасына ақшаға НЗМ-ға түсіріп беретінін айтқан.

Сотта мұғалім кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Кейін ол алған ақшасын онлайн казиноға жұмсағаны анықталды.

Екі ата-ана мұғалім 3,3 миллион теңгесін қайтарғандықтан ,кешірім берді.

Қалған екі ата-ана ақшасын қайтарса да, мұғалім жазасын алуы керек деді.

Ақырында 40 жастағы мұғалім алаяқтық жасағаны үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...