Game of Thrones жанкүйерлері сценаристерге көңілі толмағандарын айтып, сегізінші маусымды қайта түсі...
«Бал мен май қосып сылаған»: Павлодарда екі жыл бойы екі мәйітті сақтаған отбасы туралы тың дерек жарияланды
ашық дереккөзден
Жантүршігерлік оқиға туралы жергілікті әлеуметтік желідегі арналардан белгілі болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы orda.kz жазды. «Қазір адамдар тұрып жатқан үйлерден екі мәйіт табылды. Бір адамның өлімі шамамен екі жыл бұрын болған, екіншісі шамамен қыркүйекте қайтыс болған», — делінген хабарламада.
Полицейлер отбасы мүшелерінің бірі дәрігерге бармай қойғаннан кейін және туыстары тәртіп сақшыларын үйге кіргізбеген соң тексеру жүргізе бастаған. Әлеуметтік желілерде әжесі мәйіттер шіріп кетпес үшін оларды шамамен екі жыл бойы «бал мен маймен өңдеп отырғаны» айтылады.
Тұрғындардың жазуынша, мәйіт табылған үйлердің бірінде алты жастағы бала болған. Қазір оны ауруханаға алып кетті, кейінірек Екібастұздағы «Үміт» қолдау орталығына ауыстыруды жоспарлап отыр.
Жергілікті тұрғындардың бір нұсқасы бойынша, қаза тапқандардың бірі — онкологиядан қайтыс болған баланың анасы, ал екіншісі әкесі болуы мүмкін. Алайда бұл болжамдарға әзірге растау жоқ. Адамдар өте тұйық болған, көршілерімен араласпаған.
Посмотреть в Threads