Жаңа Салық кодексі: Келесі жылдан бастап не өзгереді?

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1159

Жаңа жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оған сәйкес, жалпы салық режимі және арнайы салық режимі арқылы салық төлеушілердің шарттары өзгерген.

Жалпы салық режимі бойынша тауар айналымы 43 млн теңгеден асқан кәсіпкерлер ҚҚС төлеуге міндетті. Мөлшерлемесі бұрын 12% болса, келер жылдан бастап 16% болмақ.

Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға бірқатар жеңілдік қарастырылған. Тізімге таксист, курьер, үйін жалға берушілер, фотографтар секілді 40 қызмет түрі кіреді. Біріншіден, бұл мамандарға  жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Екіншіден, мемлекетке бір тиын салық төлемейді. Тек айлық табысы – 1,2 млн теңгеден аспауы тиіс және тапқан табысынан зейнетақы, МӘМС жарнасы секілді 4 % әлеуметтік төлемдерін төлесе жеткілікті.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...