«Мемлекеттің өзегі – мемлекеттік тіл»: Қанат Айтпаев мемлекеттік тіл туралы ойын айтты

MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
398

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтпаев мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты өз ойын ашық білдірді, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Ол бұл пікірін әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған. Жазбасында Қанат Айтпаев мемлекеттік тілдің ел үшін маңызын ерекше атап өткен.

«Мемлекеттің өзегі, тұғыры, біріктіруші күші – мемлекеттік тіл.
Мемлекеттік тілді үйрену, қастерлеу, білу – мемлекеттің әрбір азаматының парызы және қасиетті міндеті. Бұл заңмен бекітілуге тиіс», – деп жазды ол.

Аталған жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Көпшілік Қанат Айтпаевтың пікірін қолдап, мемлекеттік тілдің рөлін күшейту қажеттігін алға тартты.

Пікір қалдырушылардың бірі:
«Өте орынды! Қолдаймын! Мемлекеттік тіл – біреу, ол қазақ тілі. Оны білу мен құрметтеуді Конституцияда бекіту қажет!» – деп жазса, тағы бірі:
«Міне, нағыз ел жанашырының сөзі. Өте дұрыс айтылған», – деп қолдау білдірген.

Осылайша, Қанат мырзаның пікірі қоғамда мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты ой қозғап, талқыға түрткі болды.

СПОРТ

Қазақстан әйелдер боксы құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Назым Қызайбайдың Болгарияда өтетін &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдумның күнін бекітті, деп хабарлады Madenipo...