Журналист Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған Назгүл бен Құндыздың жағдайын нақтылау үшін Таразға...
Атырауда вокзал жөндеп жатқан жұмысшы бес метрден құлап кетті
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
100
Атырау теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары кезінде 42 жастағы жұмысшы бес метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілген. Қазір ол нейрохирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайына қарай ота жасау мәселесін қарастыруда.
Бұған дейін “Қазақстан темір жолы” басшылығы аталған нысанда еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмай отырғанын атап өтіп, құрылыс жұмыстарының ұйымдастырылуын сынға алған.