Димаш Құдайбергеннің бауыры Астана жұртшылығын тәнті етті

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1817

Димаш Құдайбергеннің бауыры, музыкант Мансұр Құдайберген астаналықтарды тәнті етті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ұлттық өнердің дәрежесін көтеріп, оны ұлықтап жүрген домбырашылар дуэті Темірлан мен Ернат және халықтың сүйікті әншісі Димаш Құдайбергеннің бауыры, талантты музыкант Мансұр Құдайберген Астана қаласында концерттік кеш өткізді. Концерт “Қазақстан” орталық концерт залында өтті. Жиналған қауым өнерпаздарға шынайы алғыстарын жаудырды.

Салтанатты кешке Димаш Құдайбергеннің өзі келіп, бауырының өнеріне оң баға берді. Сонымен қатар Мансұр Құдайбергеннің туыстары мен ұстаздары ерекше қолдау білдірді. Бұл Мансұр Құдайбергеннің алып сахнаға аттаған алғашқы қадамы.

Желідегілер Мансұр Құдайбергеннің талантына қолдау білдіріп, оларды өсірген, тәрбиелеген ата-анасына ерекше алғыс айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...