Баласының көзінше әйелді соққыға жыққан ер адам ұсталды

Фото: Pixabay.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1186

Желіде Таразда ер адамның әйелді баланың көзінше ұрып-соққаны және оған агрессивті әрекеттер жасағаны түсірәлген видео тарап кетті. Оқиғаға байланысты күдіктіні полиция жедел ұстады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тараған видеожазбада әйелдің жерге құлап, қабырғасының қатты ауырғанын айтып шағымданғаны байқалады. Дегенмен, ер адам агрессиясын тоқтатпай, жәбірленушіні қайта орнынан тұрғызып, орындыққа отырғызады. Бұл әрекеттердің бәрі кішкентай баланың көзінше болған. 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты ер адамның жеке басын жедел анықтады. Күдікті облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны бодып шықты.

Ер адам барлық мән-жайды анықтау және тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Полиция бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

«Қазіргі уақытта қажетті процессуалдық іс-әрекеттер кешені жүргізіліп, дәлелдемелер жинақталуда. Толық тергеу қорытындысы бойынша заңды және негізделген шешім қабылданады», – делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне сәйкес, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...