Қырғызстанның Мемлекттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікпен әнш...
74 жастағы қазақстандық әйел Ресейдегі әуежайда екі полицейді ұрған
Ашық дереккөздерден
Ресейде сот 74 жастағы қазақстандық әйелді Орынбор әуежайында полицейлерге шабуыл жасағаны үшін қамауға алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Сот мәліметінше, зейнеткер Ресейге автокөлікпен кіріп, қызына бармақ болған және әрі қарай ұшақпен жолын жалғастыруды жоспарлаған. Қол жүгін тексеру кезінде ол 5 литрлік май құтысын алып өтпек болған.
"Жүкті тасымалдау ережелері туралы ескерту әйелдің ашуын тудырып, нәтижесінде екі құқық қорғау қызметкері зейнеткердің жұдырығынан зардап шекті", – делінген сот хабарламасында.
Сотқа жеткізу кезінде әйел өз кінәсін мойындамаған және өкінбеген. Жасына байланысты сот бастапқыда бұлтартпау шарасын қарауды кейінге қалдырған, балама ретінде кепіл немесе үйқамақты ұсынған. "Алайда, әйелдің тұрғылықты жерінен және уақытша ұстау изоляторынан берілген мінездемелер оның қоғамдағы орнатылған нормалар мен тәртіпке бағынғысы келмейтінін көрсетті", – делінген хабарламада.
Жеке басына қатысты мәліметтер мен оның Ресейден дереу кетуге ниеті туралы жедел ақпаратты ескере отырып, сот қазақстандық зейнеткерге 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.