Танымал әнші Нұрғали Нүсіпжановтың анасы өмірден өтті

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
871

Белгілі әнші Нұрғали Нүсіпжановтың анасы өмірден өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Бұл жайлы turkystan.kz жазды.

Қаралы хабарды өнер адамы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, анасына арналған жүрек тебірентер жазбасын бөлісті.

«Қош болыңыз, періште ана… Аяулы ана, сіз тіршілігіңізде Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат айттыңыз. Ғибадаттың сұлтаны болған намаз сайын еліңіздің амандығын, жұртыңыздың тыныштығын тіледіңіз. Сіздің санаңызға сіңіп, сүйегіңізге біткен дәл осы ұғымды өз басым ұлылыққа балар ем. Жүрегіңіз – иманда, тіліңіз – қасиетті Құранда болды, жан ана. Мейіріміңіз көзіңізде, ықыласыңыз көңіліңізде еді, қара шаңырағыңыз сізбен биік, тек өзіңізбен қастерлі екен ғой. Қадірліміз де, қасиетіміз де сіз едіңіз ғой, ардақтымыз-ау… Жадыраңызға қарасам жүрегім ауырады, жанарыма жас үйіріледі, көкірегіме қан құйылады. Сіздің жайнамазыңыз бен тәспіңізді бір сипап қоямыз, бір жапырағыңыз кеше жаулығыңызды құшақтап ұйықтады, оның не, “айналайын-ау” дей алмадым ақ періштеңізге. Орныңыз ойсырап қалды-ау, айналып қана кетейін, абзал ана…» – деп жазды Нүсіпжанов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...