Басшылары қамауда отырған «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ-ның рейтингі өзгерді ме?

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
97

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының кредиттік рейтингтерін бұрынғы деңгейде қалдырды. Екі ұйым бойынша да болжам – тұрақты. Бұл туралы агенттіктің хабарламасында айтылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» қорының рейтингі BBB деңгейінде, «Қазақстан темір жолының» рейтингі де BBB- деңгейінде сақталды. 

Fitch Ratings «Самұрық-Қазына» қорының рейтингін Қазақстанның егемен кредиттік рейтингімен теңестірген. Агенттік қажет болған жағдайда мемлекет қорға шұғыл қаржылық қолдау көрсетеді деп есептейді. 

Мұндай баға қордың ел экономикасындағы стратегиялық маңызымен байланысты. «Самұрық-Қазына» мемлекетке толықтай тиесілі. Үкімет қордың басшылығын тағайындайды және оны ірі ұлттық жобаларды жүзеге асыруға пайдаланады. 

Айта кетейік, рейтингтердің өзгеріссіз қалуы ұйымдардың қаржылық жағдайына қатысты Fitch бағасының қайта қаралмағанын білдіреді. Сонымен қатар бұл шешім компаниялардың басшыларына қатысты құқықтық жағдайға берілген баға емес. 

Еске салайық, бұған дейін ҰҚК «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «ҚТЖ» басшысы Елжас Отыншиевті және өзге де тұлғаларды ұстағанын хабарлаған еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавл қаласында екі жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жігіт бойжеткенді ұрып-соғып, еркінен тыс алып қашуға әрекет жасаған. Оқиға түсірілген виде...