Үндістандағы Хатрас қаласында директор мен бір топ ұстаз мектепке сәттілік әкелу үшін оқушыны құрбан...
Анасын өлтірді деген күдікке 15 жастағы ұлы ілінді: мәйіті чемоданнан табылды
Ашық дереккөз
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 15 жастағы жасөспірім туған анасын өлтірді деген күдікке ілінді. 38 жастағы әйелдің мәйіті бірнеше күннен кейін чемоданның ішінен табылған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ресейдің Тергеу комитетінің Санкт-Петербург қаласы бойынша Бас тергеу басқармасының мәліметінше, әйел қараша айының басында із-түзсіз жоғалып кеткен. Оның жоғалғаны туралы құқық қорғау органдарына арыз түскен.
Жедел-тергеу шаралары барысында әйелдің денесі Парголово елді мекеніндегі Юкков жылғасы бойындағы экологиялық соқпақтан, чемоданның ішінен табылған. Көп ұзамай марқұмның 15 жастағы ұлы күдікті ретінде ұсталды.
«Санкт-Петербург» телеарнасының полиция деректеріне сілтеме жасап хабарлауынша, қайғылы оқиға анасы мен ұлының арасындағы жанжалдан кейін болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, жасөспірім әйелді тұншықтырып өлтіріп, кейін мәйітін чемоданға салып, үйінен алып шыққан.
Бұған дейінгі ақпараттарда анасы ұлына темекі шегетіні үшін жиі ескерту жасап, отбасында осыған байланысты жанжалдар болғаны айтылған. Әйел жоғалғаннан кейін туыстары оның телефонына хабарласқан. Алайда телефоннан келген жауаптар күдікті көрінген.
13 қарашада жасөспірім ұсталып, оған адам өлтіру бабы бойынша айып тағылған. Выборг аудандық соты оны 2027 жылғы 12 қаңтарға дейін тергеу изоляторына қамау туралы шешім қабылдаған.
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтауда.