Елімізде тағы бір парақор басшы сотталды

Фото: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ЖАҢАЛЫҚТАР
623

«Тобыл-Торғай су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы» РММ мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Рудный қалалық соты «Тобыл – Торғай су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы» РММ мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы С. Мұқашевке қатысты үкім шығарды.

«Ол жоспарлы тексеру аясында су заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша шаралар қолданбағаны үшін Рудный қаласының бау-бақша кооперативтерінің бірінің төрағасынан 1,1 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 33,3 млн теңге сомасына айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. 

Шоу-бизнес

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісованың қызы Мерей IELTS емтиханынан 8,5 ұпай алып, жоғары нәтиже көрсетт...

Шоу-бизнес

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі оразаға бағалы бренд әшекей әперіп, көпшілікті таң...