«Бейбіт күнде қарт Каспиде опат болды»: Нұрлан имам сарбаздардың қазасына көңіл айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
169

Нұрлан имам Каспий теңізінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты жазба жариялап, марқұмдардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Дін өкілі әлеуметтік желідегі парақшасында елді қаза болған сарбаздарға дұға бағыштауға шақырды.

«Алла үлкен қайғыда сабыр берсін… Бейбіт күнде қарт Каспиде опат болған сарбаздарға дұғада болайық, елім… Көңіл айтамын! Жаратушымыз марқұм сарбаздарды жарылқасын… Әумин», – деп жазды Нұрлан имам.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Оқиға салдарынан әскери қызметшілер қаза тапты.

Қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Аша Матаймен болған оқиғасын айтып, ренішін білдірді. Ол бұл туралы...