Қызылордада оқушы жыныстық құлдықта болған: Клиенттердің тағдыры не болды?

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
868

ІІМ министрінің орынбасары Санжар Әділов Қызылордадағы жаға ұстатқан секс-құлдыққа қатысты тергеу барысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мәжілісте өткен брифинг барысында журналистер Әділовтен кәмелетке толмаған қызды жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген клиенттердің қалай жазаланғанын сұрады.

«Зорлық-зомбылық бойынша тергеу бірқатар баптар бойынша аяқталды. Кінәлі тұлғалар сотталды. Ал жәбірленушімен жыныстық қатынасқа түскен тұлғаларға қатысты іс материалдары бөлек өндіріске бөлінді. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тек жауап алу ғана емес, өзге де тергеу шараларын өткізу қажет. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», — деді Санжар Әділов.

 

Ол полиция жәбірленушімен байланыста екенін айтты. Сондай-ақ жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскендердің аты-жөнін атау-атамауды жәбірленушінің өзі шешуге құқылы екенін мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бурабайда найзағайдың кесірінен екі өрт шықты. Өрт сөндірушілер Ақылбай орман шаруашылығындағы өртте...

Шоу-бизнес

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова өз өмірі туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап отырға...