Белгілі драматург Ислаил Сапарбай дүниден өтті

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1720

Халық жазушысы Ислаил Сапарбай дүниден өтті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Abai Aqparat телеграм арнасы жазды.

85 жасына қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай дүниеден өтті”, - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар харалы хабар туралы Жазушылар одағының төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов өзінің Facebookпарақшасында хабарлады.

«Бүгін таңнан суық хабар жетті. Таңғы сағат төрт шамасында 85 жасына қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, аса көрнекті ұлт ақыны, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай ағамыз дүниеден өтті. Ұлы ақынның Қаскелеңдегі қара шаңырағында, бала-шағасының алдында ауыр науқастан қайтқаны жайлы хабарды маған ағамыздың ұлы Нұрлан Исраилұлы бауырым хабарлады», — деп жазды Қасымхан Бегімханов. 

      

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...