Басқасы басқа, осы Баян туралы жазбай-ақ қойсақ деп едік. Әлеуметік желі ұлардай шуғалаған соң, көз...
Белгілі заңгер Әділетхан Молдахан қамауға алынды
ашық дереккөз
Атышулы әл-Фараби даңғылындағы көлік апаты туралы резонанс істе жарияланымдар жасаған заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Orda.kz жазды.
Бұл туралы ақпаратты оның әріптесі Нұртуған Өмірзақ өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.
«Түнгі сағат 23:45 біз департаменттің алдында тұрмыз. Әл-Фараби көшесіндегі көлік апаты туралы қорықпай шындықты айтқан Әділетхан бауырымды департаментке жауап аламыз деп шақырып, кейін оны қамап тастады. Біз адвокаттық куәлігімізді көрсетсек те, ешқандай түсініктеме бермей, оны қорғау құқығын шектей отырып бізді ішке кіргізбей отыр», – деді Нұртуған Өмірзақ.
Айта кетейік, Алматыдағы әл-Фараби даңғылында қайғылы оқиға болып, 3 адам сол жерде тіл тартпай кеткен еді. Полиция қызметкерлерінің бұл іске қатысы бар-жоғын бірінші болып заңгер Әділетхан Молдахан айтқан еді. Өз сөзінде ол сол түні Zeekr және тағы бірнеше көлік Достық даңғылынан бастап жарыс ұйымдастырғанын ашық көрсетті. Оның мәліметінше, көліктер әл-Фараби бойынша сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүріп, қос тұтас жолды кесіп өтіп, жалған нөмірлерді пайдаланған. Сондай-ақ, Молдахан арасында жоғары лауазымды полиция қызметкеріне тиесілі көлік болуы мүмкін екенін айтты.