Мемлекет қолдауынан бизнес те тыс қалмайды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
574

Президентке Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары Үкіметтің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатқанын баяндады, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазіргі кезде 61352 адам өз үйлеріне оралған. Эвакуациялық пункттердегі тұрғындарға (5452 адам) барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

"Қазіргі таңда баспаналары қираған 239 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге қоныстанды. Атап айтқанда, Қостанай облысында 146, Ақмола облысында 57, Ақтөбе облысында 28, Қарағанды облысында 6, Павлодар облысында 2 баспана тұрғындардың игілігіне берілді", – деп мәлімдеді Үкімет басшысы.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 11137 тұрғын үй тексеріліп, 7863 нысанды бағалау жұмыстары аяқталды.

Бағалау ісінің аяқталуына қарай, зардап шеккен тұрғындарға аса қажетті дүние-мүлік сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейін қосымша өтемақы төленіп жатыр.

Мемлекет қолдауынан бизнес те тыс қалмайды. Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу механизмдері анықталып, тиісті жұмыстар басталып кетті. Бүлінген үй мен мүлікті жедел бағалау үшін қосымша ресурстар тартылды.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...