Еріктілер жұмысын жандандыра түсу қажет

фото ашық дереккөзден

Жаңалықтар
174

Айта кетейік, 2024 жыл ТМД Мемлекеттері Президенттері кеңесінің ұйғарымымен «Волонтерлік қозғалысы жылы» болып жарияланған. Осыған орай жыл басында Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыровтың төрағалығымен волонтерлік қызметті дамыту және қолдау перспективалары туралы кеңейтілген отырыс өткені естеріңізде болар. Мұнда еріктілер қызметін дамытудың 2024- 2026 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде атқарылатын жұмыстар жоспарланған еді. Міне, бүгінде республика аумағында әрекет ететін еріктілер ұйымдарының бәрі осы бас жоспарға сай жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бүгінде елімізде 200 мыңға жуық еріктілер жұмыс істейді. Олардың саны 2016 жылы «Волонтерлік қызмет туралы» Заң қабылданғаннан кейін қарқынды артып келеді. Заң қабылданғаннан кейін бес жыл өткен соң аталған құжатқа тиісінше толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, волотерлердың жұмысы жандана түсті. Мәселен, бұдан былай адам зейнеткерлікке шыққанда оның еріктілер құрамында болған жұмыс кезеңдері де еңбек өтіліне есептелетін болды. Жаңа құжатта еріктілердің төменгі жасын 16-ға дейін төмендету көзделген. Одан бөлек, мемлекеттің волотерларға мемлекет тарапынан қарастырылған артықшылықтар мен жеңілдіктер түрлерінің саны артты.

ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаев биыл маусым айында өткен Халықаралық еріктілер форумында былай деген еді: 

Мемлекет еріктілерге жан-жақты көмек көрсетіп келеді және алдағы уақыттарда да барынша қолдай беретін болады. Кейінгі кезеңдерде республика бойынша айтарлықтай ауқымды бірнеше жобалар жүзеге асырылып жатыр. Еріктілер қоғамның сан түрлі салаларында тындырымды еңбек етіп келеді. Біздің елімізде көңілі қалаған әрдір жан волонтерлер ісіне қатысып, осы ұйымдардың мүшелігіне қабылдана алады. Сөйтіп еліміз үшін игілікті жұмыстар атқара алады. Айтары жоқ, талапты жастар үшін ол үлкен  мүмкіндік. Қазақстанның еріктілері Кения, Иордания, Түркия, Таиланд мемлекеттерінде болып, ол жақтағы еріктілердің жұмыстарымен танысты, өзара тәжірибе алмасты. Бүгінде елімізде еріктілерге БҰҰ өкілдері де көп қолдау көмектерін көрсетіп жүр. Оларды да осы ниеттері үшін ризашылығымды білдіремін», деген еді Мемлекет басшысы.

Елімізде еріктілер қатарының артуымен бірге жылдан жылға олардың ұйымдарының түрлері де көбейіп келеді. Ашық көздерден алынған деректерге сүйенсек, республикамызда мұқтаж адамдарға қайырымдылық жасауды мақсат етіп қойған жастардың саны тек кейінгі 3 жылда ғана үш есе өскен. 

Былтыр Мемлекет басшысының мұрындық болуымен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры құрылғаны мәлім. Қазіргі кезде жастардың еріктілер ұйымдары 20-ға тарта бағдарламаны жүзеге асырып жатыр.

Жалпы, айта кету керек, мұқтаж жандарға жәрдемдесу, қиын-қыстау шақта жапа шеккен адамдарға көмек беруге тек жастар ғана емес, жасы ұлғайған адамдар да белсене қатысуда. Қазіргі кезде еріктілер қатарында 40-50 жастан асқан адамдар да аз емес. Осы жайт волотерлік қызмет тек жастарға ғана тән деген түсінікті түбірімен жояды. Оның үстіне қазақ халықының қанында өзгеге қайырымдылық жасау қасиеті бұрыннан бар. Мәселен, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге, әйтпесе ауқымды бір іс бастаған жандарға көп болып көмектесу дәстүрі ұлтымызда ежелден бері келе жатыр. Оның бір түрі – «Асар».

Әлбетте, қайсы бір бастамалар сияқты, еріктілер қызметінің де ауыз толтырып айтарлық жетістіктерімен бірге, өзіндік проблемалар бар. Айталық, төтенше жағдайлар кезінде, қауіп-қатер салдарынан жоғалып кеткен адамдарды іздестіретін еріктілерге мемлекеттік сақтандыру керек-ақ. Өйткені мұндай оқыс жағдайларда құтқарушылардың өздері күтпеген жайттарға тап болуы мүмкін. Сондай-ақ еріктілер жұмысын толыққанды ұйымдастыру үшін гуманитарлық көмектерді жинайтын қоймалар және түрлі кеңестер, форумдар ұйымдастыру үшін залдар мен кеңселер жетіспейді. Сондай-ақ еріктілер жұмысын жандандыру үшін нақтылы қаражыландыру көздері қарастырылмаған. Еріктілер тек елдің жиып берген демеушілік көмегіне, қайырымдылық ақшасына ғана қарап отыр.

Сөзімізді қорыта келе айтпағымыз, қоғамға, мемлекетке орасан зор пайдасын тигізіп, қиын-қыстау кезеңдерде көмек көрсетуге қашанда дайын еріктілердің саны жылдан жылға көбейіп жатыр. Бұл әрине өте қуанышты жайт. Бірақ бұл жұмыстардың бәріне ақша керек. Ал еріктілердің қолында ол жоқ. Сондықтан олар төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалар кезінде мұқтаж жандарға қалай жәрдемсерін білмей абдырап қалады. Міне, осы мәселеүкімет тарапынан оң шешім тапса, еріктілер қызметі бұрынғыдан бетер жандана түсер еді. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...