Белгісіз біреудің мұғалімге жасаған ерсі ісі елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2299

Атырауда белгісіз біреулер мұғалімге қорқынышты хат жолдады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Олар мұғалімді мектепті жарып жібереміз деп қорқытып, 80 миллион теңге талап еткен.

Бұл жағдай бүгін, 6 ақпан күні сағат 11:30-да болған. Хат №3 білім ордасында тарих пәнінен сабақ беретін мұғалімге келген. Онда: "көрсетілген банк шотына 80 миллион теңге аудармасаң, сағат 14:00-де мектепті жарып жібереміз" деп жазылыпты.

Мұғалім тез арада полицияға хабарласқан. Дегенмен хабар жалған болып шыққан. Жағдай білім басқармасы мен полиция қызметкерлерінің бақылауында. Сабақ әдеттегідей жалғасып жатыр екен. Полиция тергеу басталғанын хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...