Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден озды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
154

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы қайтыс болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жарияланған естіртуге сәйкес, марқұмның жаназа намазы 14 қазан күні сағат 15:00-де Түркістан облысы, Созақ ауылындағы өз шаңырағында өтеді.

Өнердегі әріптестері мен тыңдармандары әншінің отбасына көңіл айтып жатыр.

Сәкен Қордабайұлы Майғазиев – қазақстандық әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1975 жылғы 1 қаңтарда қазіргі Түркістан облысының Созақ ауданында дүниеге келген.

Кәсіби музыкалық білімін Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінде алған. Кейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқуын жалғастырған.

2001 жылдан бері «МузАРТ» тобының құрамында өнер көрсетіп келеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтар үшін баспана сатып алуды қолжетімді ету мақсатында ба...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған емші Бағдагүлге әлеуметтік желіде жауап берді, деп...