Протездеу және тіс имплантаттау бойынша қымбат тұратын стоматологиялық қызметтерге қаражат пайдалану...
Белгісіз жағдайда қаза болған жігіттің туыстары әділдік іздейді
Фото: freepik
Белгісіз жағдайда қайтыс болған жігіттің туыстары полиция мен дәрігерлерге наразы болып жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында 22 жастағы жігіт көз жұмды.
"Полиция баламды сиырға соғылды дейді. Бірақ сол маңдағы көршім "тарс еткен өте қатты дауыс шықты, бір қара түсті көлік тоқтап, біраз тұрып кетіп қалды" деді. Көліктің нөмірін ешкім көрмей қалған. Жедел жәрдем келеді, балам өз аяғымен көлікке отырады", - дейді марқұм Жақсылық Асанақынның анасы Жадыра Рахметова.
Анасының айтуынша, кешке ауруханаға түскен жігітке тек таңға жуық ота жасалған.
Аурухана маңы шу болып жатқанда Шелектің полиция қызметкері марқұмның інісін жеке бөлмеге кіргізіп алып, арызға қол қоюға үгіттеген, дейді жәбірленуші тарап.