Құрбан айт – әлемдегі бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам - Назарбаев

ЖАҢАЛЫҚТАР
4409

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады elbasy.kz.


"Құрметті отандастар!

Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Құрбан айт – әлемдегі бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам, жақсылықтың, қайырымдылық пен кеңпейілділіктің символы. 

Бұл мереке бейбітшілік, бірлік және келісім сияқты жалпы адами құндылықтарды қастерлеуге үндейді.

Құрбан айт және басқа да діни мейрамдар қоғамда рухани-адамгершілік негіздерін нығайтуға септігін тигізетіні және ізгі ниет пен игілікті амалдар арқылы көрініс табатыны қуантады.

Осы мейрамда айтылған игі тілектеріңіздің бәрі орындала берсін!

Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", - делінген құттықтауда.

Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...