Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Абдалимов Нуржан тағайындалды, деп хабарлайды mad...
Астанадағы парадта жағдайы нашарлаған жауынгерді қаруласы демеп тұрды (ВИДЕО)
Видеодан алынған скрин
Астанада Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Шеруге қатысушылар арасында денсаулығы сыр берген әскери қызметшілер де болды, деп хабарлады madeniportal.kz.
Әлеуметтік желі қолданушысы Ақназар Абдіғаппарұлы әскери парадтың тікелей эфирінде көрсетілген кадлардан үзінді жариялады. Онда Жеңіс шеруін музыкамен сүйемелдеген Қазақстанның күш құрылымдары құрама оркестрінің алдыңғы қатарында тұрған әскери музыкант қинала демалып, аяққа тұра алмай тұрғаны байқалады. Бірақ оның артында тұрған қаруласы оның белдігінен қапсыра ұстап, құлап қалмауын қадағалап тұрғанын көруге болады. Оның жүзінен қаруласына деген алаңдаушылық пен шарасыздық байқалады.
«Әскери шеруде жағдайы нашарлаған өз бауырын қолдап тұрған жауынгер», - деп жазылған автордың жазбасында.
Айта кетейік, биылғы парадқа қазақ әскері үздіксіз дайындық жасады.