Дүйсенбі күні Қуандық қалалық округінің телеграм-каналында хабарланғандай, аталған қаланың (Орынбор...
«Бесінші баласын босанғанын ұмытып қалған»: Ақбаян Мұқанғалиеваның жағдайы әлі де белгісіз
Фото: ашық дереккөзден
828
Атырауда Жангелдин ауылында төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатқанда, оның бұрынғы жұбайы - қаза тапқандардың қызы әрі қарындасы Ақбаян Мұқанғалиеваның жағдайы психиатрлар тұрғысынан әлі де белгісіз болып қалуда, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әйелді алдымен Атырауда тексеріп, кейін Алматыдағы стационарлық кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптамасына жіберген. Алайда, бұдан кейін де мамандар көпшілікке жарияланған нақты бір қорытындыға келмеді және «әрі қарай бақылау мен нақтылау диагностикасын жүргізуді» ұсынды, - деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.