«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек «Қызық таймс» бағдарламасында қыз...
Балаларды итеріп, қол жұмсаған: Павлодар облысында балабақша тәрбиешісі жауапқа тартылды
Фото: ЖИ
Ақсуда балабақша тәрбиешісінің балаларға дөрекі қарым-қатынасы видеоға түсіп қалған. Жағдайға байланысты тәрбиеші мен балабақша меңгерушісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Ақсудағы ясли-бақшада тәрбиешінің балаларды итеріп, біреуіне қол жұмсаған сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады. Бұл оқиға наурыз айының соңында болған.
Видео авторларының айтуынша, оқиға мекеменің серуен алаңында болған. Онда әйел адам бірнеше баланы итеріп, біреуіне шапалақпен ұрғаны анық көрінеді.
Жағдай қоғамда резонанс туғызып, ата-аналар наразылығын тудырған. Мәселені қалалық білім бөлімі бақылауына алған.
«Бұл оқиға педагогикалық этика бойынша арнайы отырыста қаралды. Тәрбиешіден түсініктеме алынып, балабақша басшысының бұйрығымен ол теріс себептер бойынша жұмыстан босатылды»,– деп хабарлады білім бөлімінің өкілдері.
Тек тәрбиеші ғана емес, балабақша меңгерушісі де қызметтік жауапкершілікке тартылды. Бөлім мәліметінше, ол балалардың қауіпсіздігін бақылауда жіберген олқылықтар үшінескерту түріндегі тәртіптік жаза алған.