Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан екі топ ұсталды

Фото: Polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
586

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сәуір айының екінші онкүндігінде Жамбыл облысы Сарысу ауданында жылқыларды ұрлаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды.

Тергеу барысында қаскөйлердің далада қараусыз жайылып жүрген малды алдын ала бақылап, түнгі уақытта Газель көлігімен келіп, малды тиеп алып, көршілес аудандарға апарып, жергілікті тұрғындарға сатқандығы анықталды.

Қазір полиция аталған топ мүшелерінің жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 39 жылқыны ұрлағанын дәлелдеді. Барлық күдікті қамауға алынды.

Еске саламыз, мал ұрлығын жасағаны үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...