"Бет-келбеті сақтальп қалған": Сорбұлақтағы тікұшақ апатында көз жұмған командирді туыстары жер қойнына тапсырды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1480

Сорбұлақтағы тікұшақ апатында көз жұмған командирді туыстары жер қойнына тапсырды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz сайтына сілтеп.

"Жастайынан әскери болуды армандады ғой. Кішкентайынан тәртіпке бағынып, бізді де тәртіппен жүргізетін. Аспанда қалықтап жүруді бала кезінен армандады. Бүкіл өмірін осы әскери авиацияға арнады ғой. Күндіз-түні ұшты. Мыңдаған сағаттар жинады. Санатын да көтерді. Бүкіл оқуын оқыды. Қандай жаңа шыққан оқу болса біреуінен қалмады ғой. Қатарының алды болды. Өзінің техникасын жан-тәнімен жақсы көретін еді гой. Мамам мен аспанда ұшсам, құстай қалықтаймын дейтін", – деп еске алды ұлын кара жамылған ана.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласының тумасы отбасында екі ұлдың үлкені екен. 2008 жылдан бастан армандаған мамандығына оқуға түсуге дайындалыпты. Алғашында жолы болмай, ақыры 2010 жылы Актөбедегі "Әуе қорғаныстарына" түседі. Содан бері 15 жыл бойы әуеде мінсіз қалықтау үшін дамылсыз білім алған екен.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...