Ақмола облысының әскери қызметкері букмекерлік кеңселерге қарызын өтеу үшін сүйіктісін өлтіріп, тона...
Бір күнде екі жүлде: қазақстандық джиу-джитсушілер Азия ойындарында топ жарды
Ұлттық олимпиада комитеті
Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы XX жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан екі медаль жеңіп алды. Ел қоржыны бір күміс және бір қола жүлдемен толықты , деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қазақстандық Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде БАӘ өкілі Ахмед Андизге 0:2 есебімен жол берді.
Ал әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жібек Құлымбетова Қазақстан қоржынына қола медаль салды. Үшінші орын үшін белдесуде ол Оңтүстік Корея өкілі Хуивон Чонмен кездесті. Белдесу 2:2 есебімен аяқталып, қосымша көрсеткіштер бойынша жеңіс қазақстандық спортшыға берілді.
Қазақстандық Абдулла Батырбек те жүлдеге жақын болды. 62 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде ол Сауд Арабиясының өкіліне есе жіберіп, бесінші орынға тұрақтады.
Осылайша, джиу-джитсудан Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы медаль қорын бір күміс және бір қола жүлдемен толықтырды.