Әнші Сәкен Қалымов өмірдегі үлкен өкініші туралы сыр шертті. Ол «Мың бір түн» бағда...
«Жүрегімде әлі қаншама махаббат бар»: Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі даулы жазбаға жауап берді
коллаж
Белгілі продюсер, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады. Оның бұл жазбасы күні кеше Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызының мәлімдемесінен кейін жарық көрді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мөлдір Мұқан жазбасын «Өмір, мен саған ғашықпын!» деген сөзбен бастап, балалық шағын еске алған. Ол ата-анасының қонақжайлығы мен жасаған жақсылығы бүгінде өзіне қайтып жатқанын жеткізді.
«Қазір сондай сыйлы мейманның орнында өзім жүрген екенмін. Төрден орын беріп, сый-сияпатымен қарсы алып жатқан жақсылар өте көп екен айналамда. Рақметтен басқа айтарым жоқ», – деп жазды ол.
Өнер иесі өзіне қолдау көрсетіп жүрген жандарға алғыс айтып, алдағы өмірінен әлі де көп жақсылық күтетінін жасырмады.
«Иә, мен әлемге ашықпын. Өйткені менің жүрегімде әлі де қаншама арман, қаншама махаббат, қаншама әдемі бастамалар бар!» – деді Мөлдір Мұқан.
Айта кетейік, күні кеше Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызының жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Арада көп уақыт өтпей Мөлдір Мұқан да өмірге деген сүйіспеншілігі мен болашаққа үміті туралы жазды. Дегенмен продюсер жазбасында Айманның мәлімдемесіне тікелей тоқталмаған және бұрынғы жұбайы туралы ештеңе айтпаған.