Таразда колледж директоры мен оған пара берген оқытушының ісі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Жа...
Кәсіптің бағы істкердің қолында ашылады
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры құрылғаннан бері көптеген кәсіпкерлерді қолдап, олардың өз ісін дөңгелетіп әкетуіне алғышарттар жасап келе жатқаны белгілі. Ондай мысалдарды еліміздің түкпір-түкпіріндегі әр қала, әр ауылдан көптеп келтіруге болады. Солардың бірі ретінде – бүгінде тамақ өнеркәсібі саласында біршама танымал болып қалған «Rola-7» ЖШС-ын айтуға болады.
«Rola-7» ТШС Жамбыл облысындағы ұн өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорын. Компания өз ісін 2008 жылы бастаған болатын. Осы уақыт аралығында компания өзін тек сенімді серіктес әрі сапалы өнім өндіруші ретінде таныта білді.
«Rola-7» компаниясы бүгінде тек Қазақстан нарығында ғана емес, сонымен қатар, ТМД аумағында да бедел жинап үлгерген кәсіпорын. Көптеген жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысу арқылы, ол бүгінде аталған елдердің тұтынушыларына кеңінен танымал болды деуге болады.
Қазіргі уақытта компания 20-дан астам ұн өнімдерін өндіріп, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып отыр. Олардың ішінде бесбармақтың шелпегі, түрлі кеспелер және макаронның он шақты түрін шығарады.
Кәсіпорынның шығаратын өнімдерінің сыртқы қаптамасы өзіне тән ерекшелікпен жасалып, азық-түлік өнімдері самсаған сөрелерден менмұндалап тұрады. Тек сырты ғана емес, өнімнің өзі де ерекше болуы үшін компания азық-түлік өнеркәсібі саласының үздік мамандарын өндіріске тартып, заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген құрал-жабдықтар сатып алып, бүгінде өзіндік сапасы мен дәмі бар өнім өндіріп отыр. Олардың өндірген өнімдеріне тек табиғи шикізат қолданылып, өнімдері сертификатталып, Кеден одағының стандарттарына толықтай жауап бере алатындай сапалы шығарылуда.
2016 жылы «Rola-7» ЖШС халықаралық экспортер мәртебесін алып, өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қытайға шығара бастаған. Бүгінде бұл 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған үлкен кәсіпорын деуге болады.
Биыл компания өрісін кеңейту мақсатында «Fortebank» АҚ-на қаржылай көмек алуға өтініш берген. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Даму» қорының 20 млн. теңге сомасындағы кепілімен аталған банк кәсіпорынға 60 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек жасап, бүгінде компания жаңа белеске шығып отыр.
Міне, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қолынан іс келетін азаматтар кәсіптің осындай көздерін тауып, өз істерін дөңгелетіп қана қоймай, қаншама жұмыс орындарын ашып, қаншама адамдарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырса, Үкіметтің алға қойған мақсаттарына жетуіне де өлшеусіз үлес болатыны осындай мысалдардан көрінеді.
З. Самалбекұлы